Бисенбаева Сәнім Бегімқызы Қызылорда облысы, Жосалы ауылында Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ орта мектебін 2004 жылы бітірді. Сол жылы география мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы университетке білім грантына түсті. 2008 жылы бакалавр дәрежесін алып, әрі қарай оқуды магистратурада жалғастырды. География ғылымдарының кандидаты, доцент Түгелбев С.С. жетекшілігімен 2010 жылы магистрлік диссертация қорғады, тақырыбы "Алматы қаласының геоэкологиялық жағдайы және қоршаған ортаны оңтайландыру мәселелері". 2010 жылы Бисенбаева Сәнім әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультеті физикалық география және геоэкология кафедрасына толық уақытты маман ретінде жұмысқа қабылданды. 2011- 2012 оқу жылы кафедраның маманы қызметін атқарды. 2012-2013 оқу жылында география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының ассистенті болды. 2013-2016 жылы аралығында оқытушы қызметін атқарды. 2016 жылы Бисенбаева Сәнім Ph.D.Қытай ғылым академиясының Сыньцзян экология және география институтында докторантурасына түсті. 2020 жылы табысты «Ұзақ мерзімдік климаттың өзгеруі және адам әрекеті жағдайларда Сырдария өзенінің ағынының өзгеруі» тақырыбында диссертациясые қорғап,«Картография және географиялық ақпараттық жүйелер» мамандығын алып шықты. Ғылыми қызметі: Басылымдары – 10, оның ішінде 7 шетелде (Швеция, Қытай, Ресей жәнет.б.) және импакт-факторлы журналдарда 5 мақала жарияланған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2008

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
02.07.2020
Қызығушылығы